Өзеурей сөйледі, мойнын созды, әлденеге талпынды. ~ … байдың мұнысын сезген соң, Әлдекей ұзын кеңірдегін созып: — Баяғыда осы Мүсірәлі Шаян ноғайдың бақалын қыдыртып жүр еді…— деген кезде-ақ, отырған жұрт жымыңдап, күлуге ыңғайлана бастады … Ж.Айм. ~ Ал Едіге болса әлгі “білгіштермен” айтысып, кеңірдегін соза керілдесіп, шыр-пыр болып, жүйкесі жүндей түтілетін. Ш.Айт. ~ Дәулен бай кеңірдегін созып, желпіне түсіп тағы бір ашулы сөзді бастай бергенде, сырттан дыбырласып Жанбота мен Азынабай болыстар кірді ішке. С.Жүн. ~ Дүние – мүлік, ішу – жеу дегеннен басқаға кеңірдегін созып көрмеген көп жөгерлерге сол да жетіп жатыр, онан артығын қалаған емес. Қ.Ысқ. ~ Орнынан атып тұрып, кеңірдегін созған Мамай әп-сәтте әудем жер ұзаған аттардың ең алдында, есік пен төрдей жерде өзінің Нарқызылының кетіп бара жатқанын көрді. М.Мағ.
