Posted in

КЕҢШІЛІК ТАНЫТТЫ

Қайырым көрсетті. ~ Айрылысар кезде Ілекең Әбдірәшит досын құшақтап, шын көңілден алғыс айтты. Өз кезегімен мен де, пайымы зор, – бұдан артық қайтпек, – жауапты, қытымыр қызметіне қарамастан, осыншама кеңшілік танытқан ағамды құшақтай алыппын. М.Мағ. ~ Тек жүргізу құқынан айыру бір жылға. Ісі сотқа тапсырылған 34 көлік иесінің тек үшеуіне ғана сот кеңшілік танытты. БАҚ. ~ Маған толық тәуелсіздік беріп, артық кеткен мінездерім болса да елемей, кеңшілік танытты, шығармашылық жұмыспен айналысуыма мол мүмкіндік туғызды. А.Кең.