Біреуге сенім артып, соның атынан уәде берді. ~ Таразыға тартылатын, қай елден келгені белгісіз, кім кигені белгісіз осы киімдердің таза екеніне кім кепілдік бере алады? Ешкім. Ж.Баб. ~ Таңылдым емхананың бөлмесіне. Кім кепілдік береді өлмесіме! М.Мақ. ~ Егер алтыншы класс оқушылары Қадыров Қожаның бұдан былай ешқандай тәртіпсіздік істемеймін, түзелемін деген уәдесіне сеніп, дирекция алдында кепілдік беретін болса, онда Қадыров осы мектепте сынға қалдырылсын. Б.Соқп.
