Қырсық, қотыр тілді, кертартпа. ~ Емізбеп пе едім Ер түріктің бабасын? Елге толтырмап па едім құс ұша алмайтын даласын?!. Қомағай ұртын қан менен жынға толтырған, Кер ауыз кейбір қаппақшы бөрі-анасын. C.Шәт. ~ От… солай!!! Ждақайға тиіспеңдер!!! Ждақайға тиіскендердің бірі Бұлыштың кер ауыз шешесі Дәуапа емес пе еді? “Құдай ұрады бұны”, “Аруақ ұрады”, “Ауызы қисаяды” деп еді Ждақайды. Ал, не болды? Кімнің “ауызы қисайды”?? Өзінің ауызы қисайды. С.Ел. ~ Таж астында жаратылып, тақ үстінде жарыққа келген Жәдік әулетінің кер ауыз кергімелері тұрғанда бұған жол қайдан тисін! Ә.Кек. ~ Аз күндік табысқа мас болған кер ауыз сұлтандар бет-бетімен кекірейіп кетті. Ә.Кек. ~ Бірақ, қазақ ұйтқысының күші он жылға жетер-жетпесте қайтадан тоз-тоз боп іри бастады. Аз күндік табысқа мас болған кер ауыз сұлтандар бет-бетімен кекірейіп кетті. Ә.Кек.
