Құла мен торының арасына жақын түсті жылқы; асау, адуын мінезді тұлпар. ~ Өмір бойы бір ішек болып, қатып қалған жануар кер тұлпар да қасқырдың дүбірін естіген кезде, ытып-ытып кетеді. ҚЕ. ~ Сияқты қойға кірген аш арыстан, Ақырса көп қуғыншы қайта ығысқан. Кешуілдеп кер тұлпармен көлденеңдеп, Жол бермей жолбарыстай алдын тосқан. С.Бег. ~ Аяғы жоқ адуын жауыздықтан, Алып шықты арымды тамыздықтан. Амалым не, жастықтың кер тұлпарын, Тасқа қамап тастадым ауыздықтап. М.Мақ.
