Posted in

КЕРБАЛАНЫҢ ШӨЛІ (ШӨЛІНДЕЙ)

Діни аңыздарда тірі жан аяқ баспаған, ыстығы адам шыдатпас, азапты шөл дала. ~ Өзінің мезгілінен бұрын əжім айғыздап, көлденең сызаттарын көбейтіп тастаған біршама кең маңдайы, Кербаланың шөліне ұрынғандай кезеріп кеткен кебіртек ернінің үсті мен асты, бозғылт самайы мен ұзынша жақ сүйегінің сырты ағыл- тегіл ақ тер, көк тер. З.Қаб. ~ Тәрізі бұл өңірдегі ауылдар көшіп жатыр. Жер салқынмен көшпесе бүгінгі кештегі қозы-лақ жете алмайтын кербаланың шөліндей бір бұйрат құм еді. І.Жанс. ~ Парызды көп мойнында өтелмеген, Сөз шығындап, Жазамыз бекерге өлең. Өмір деген шөліндей Кербаланың, Жеткізбейді жеріңе жетем деген. Ж.Ерм.