Posted in

КЕРЕ ҚАРЫС

Бас бармақ пен ортаңғы саусақ арасын кере есептеу арқылы белгіленетін халықтық өлшем. ~ Шашағы кере қарыс қыжым орамал бүркенген келін екі күн бойы шымылдық ішінде отырып еді, бүгін енесі оны ерте тұрғызып, тұңғыш рет үй шаруасына қосты. Ш.Мұрт.

  1. Қап-қалың, мол. ~ Бұл үйдi биыл қырсық айналдырып кеттi ғой. Қай пиғылымыздан құдайға жаздық екен! – деп сыртын сауыттай мұз қаптаған, табаны кере қарыс пиманы дүрс еткiзiп босағаға қарай лақтырды. Т.Сәу. * Шетел өмірін кітаптан да оқып білуге болады, оған уақыт жоқ, қалыңдығы кере қарыс томдарды оқып біткенше шаш ағарады. М.Қаб. * Заман солардікі. Кім болам десе де жағдай бар. Қазіргі заман жастарының ырысы кере қарыс. Кім болам, не болам, не істеймін десе бәрі бар. Тек ақыл, парасат берсін де. С.Бақб.