Posted in

КЕРЕГІНЕ ЖАРАТТЫ

Пайдасын көрді, әлдебір іске пайдаланды. * “Өлең жазып, өсиет таратып жүрмін”, “халқым үшін қам жеп жүрмін” дейтін Абай, көп уақыттарда күдікке түсуші еді. “Тыңдап жатқан, ұғып-танып, керегіне жаратып жатқан қазақ баласы бар ма осы, жоқ па?” – деп толқитын. М.Әу. * Басында сол бетпен бірталай керегіне жаратып, өзі жүргізгенін де еске алатын. М.Әу. ~ Затында ендеше сендер алыңдар,— деді Муся,— Шешесі жоқ болса дүние баласына тиісті емес пе? Балаларының керегіне жаратасыңдар. Тағы бір баласы бар емес пе? Боря қайда? Т.Ахт. * Тапқанын тең бөліп, жартысын өз керегіне жаратса, қалғанын мына ақсақ ағасына береді. Б.Майл.