Posted in

КЕРІ СИДІ

Ерегісті, қыңыр мінез танытты. * Тәңірберген үнсіз. Келімге келгіштердің өзі кері сиіп, икемге келмей қиғаш тартып жатқанда, бұлардың ішіндегі ең бір қырысы қалың қыңыр Рамбердінің келістірмесін біліп, бұл ойынан да ештеңе шықпасын байқап еді. Ә.Нұрп. * Ысқаяқ қара шал теңіз өңіріне белгілі кісі: аты – Көшен. Бірақ кері сиетін қырсық мінезіне бола “Көткеншек” атанып кеткен-ді. Ә.Нұрп. * Сары Шая – қу. Іш есебіне түгел. Пайдасына жетік. Ал, ана сорлы өзіне не тиімді, не тиімсіз екенін де біле бермейді. Тек көткеншектессе, кері сиіп ерегіскенде жеңсе, мұратына жеткені… Ә.Нұрп. * Енді, міне, тағы да сол екеуі… Сары Шая – қу. Іш есебіне түгел. Пайдасына жетік. Ал, ана сорлы өзіне не тиімді, не тиімсіз екенін де біле бермейді. Тек көткеншектессе, кері сиіп ерегіскенде жеңсе, мұратына жеткені… Ә.Нұрп.