Қасына жуытпады, кеудесінен итерді. * Сенің алдыңда болса да күнәлімін. Не дейін саған… Оған жаздым. «Кешір.. Мүгедекпен өткізер өксік өмірім жоқ»,— деп мені ол кері тепті, қабылдамады. М.Сүнд. * Көгілдір әлем, шексіздік, бірін-бірі кері тепкен, бірін-бірі тартылыс күшімен сүйрей жетелеген мың сан жұлдыз маңдай алдында шырақ боп жанып жазмыштың жазуына айналып, қасиетті кітап сөзіндей – жаңаша, өзгеше көзбен оқитын оқырманын күтеді! Д.Дос.* Әйел егіл- тегіл жылап, солығы басылғансын еркек байғұс райынан қайтып,— түн ортасы ауа мейірі түсіп қамқорлай бауырына тартқанда жетім көңіл кері теппес еді … М.Сүн.
