Жанын ауыртып, мазалаған ауыр ой. * Ащылы-тұщылы өмір шындығы да, көз жасындай кермек ой тамшылары да осы
кітаптың ішінде… БАҚ. * Елімнің жәйін ойласам, Ұйқы бермес кермек ой. А.Үлім. * Бозбалалыққа енді қадам басып,
ақындықтың буы бойын жаңа қыса бастаған тұста ол Абай сияқты кермек ой, ащы ыза, салмағы ауыр күрсіністі көңіл күйі
етіп алғандай ұмтылыс аңғартатын. Т.Жұрт. ~ Есей сапырылысқан кермек ойды әрі-бері қуалап көріп еді, батпаққа
малтыққандай діңкелеп қалды. Тіршілігінде көрсеткендері мынау, көзі жұмылса көрін қазуға да ерінер мына қалпында.
Ө.Кәр.
