Posted in

КЕРТЕШ (КЕРТПЕШ) МҰРЫН (ТАНАУ)

Таңқы танау – мұрнының орта тұсы батыңқы келген адам. ~ Д у а н а. Ол қоңыр кескінді, кертеш мұрынды болатын. Сіз қыр мұрынды сұрғылтсыз. (Шоқан қобалжыған тәрізденеді.) Бірақ сіз саспаңыз, аржағын әзір сұрамаймын. С.Мұқ. * Тұяқ – 6-7 қаралы кедейдің баласы. Мұрны кертеш, иегі кемиек бет-аузы құдды шөміш, мойны ішіне кірген. Бейнесіз-ақ жігіт. Сонда да Шекердің қолайына жақты. Ж.Айм. * Орыс, қазақтың ошағынан өріп шығып жататын ала-құла, бірі аспан көз жирен, бірі кертпеш мұрын торышолақ боқмұрындарға келді-кетті Құдайы қонақ болмаса, ежелгі тұрғыннан еш пенде таңданған емес. Қ.Ысқ. * Енді қараңыз. Сол Марат, бақа ауыз, кертпеш маңдай, қортық Марат кенет өзі орнатқан шарбақтан секіріп өтті де, еңгезердей Қанатқа дүрсе ұмтылды. М.Мағ.