Posted in

КЕРТІК ТАНАУ

Мұрнының орта тұсы ішін қарай батыңқы келген адам туралы. * Алды он бір-он екілердегі, арты төрт-бес шамасындағы төрт ұл. Бәрі бір “фабрикадан” шыққан: кертік танау, бадырақ көз, қайыс қара. Т.Сәу. * Іргедегі үйшіктің аузынан торай сығалап жатыр; су секілді жыртиған сарғыш көздері шалдың қасаңсып кеткен тарамыс саусақтарының әрбір қимылын қалт жібермей аңдып жатқан тәрізді, әредік – әредік қорс етіп, қоң – қоқырға сүре тыққан кертік танауын рахаттана тартып қояды. Қ.Ысқ. * Роза! Бадырақ көз, кертік танау, иегінің ұшында бұршақтай меңіне дейін соныкі. Т.Сәу.