Posted in

КЕРУЕН КЕРІ КЕТЕРДЕ АҚСАҚ ТҮЙЕ КӨШ БАСТАЙДЫ

Ел бұзыларда басшылыққа арам адамдар келеді д.м. мәтел. ~ Сол Оспан әкіреңдеп ат ойнатқанда: «Шіркін, Осағасы, ел боларыңды білсем, тұқымыңды баяғыда құртып жіберер едім, керуен кері кетерде ақсақ түйе көш бастайды, саған қараған ел оңбас, оңбас», – деп таяғына сүйеніп, ешбір қарсылықсыз тұра беріпті. О.Бөк. ~ Жетпіс жыл бойы адасқан, тоналған, күштілерге кіріптар болған керуен екенімізге көзіміз жетті. Ғайыптан тайып, күніміз оңынан туып, өз жолымызға оралдық. Керуен кейін бұрылды… – Иә-ә, көріп келеміз, – «маубас» студент мырс ете қалды. –«Керуен кері айналса, ақсақ түйе алға шығады» екен. Н.Ор.