Posted in

КЕСЕК АТТЫ

Тас лақтырды, қастандық қылды. ~ Ер өлтіргенге құн сұраушы ең. Енді құн сұрамақ түгіл, өкпе-кінә қылар да мұршаң жоқ. Өлтірген өзіңсің. Қырық рудың адамы кесек атып өзің өлтіріп отырсың, не бетіңмен үн шығарасың? – деді. М.Әу. * Онсыз да жүйкесі тозған Қылаңхан екі- үш дүркін кесек атып еді, “албасты келеді, албасты келе жатыр! ” деп тағы да үш – төртеуін шақырып алды. Қ.Ысқ. * “Тұнығымды ылайлады”, “тұнығымды лайлады-ау әлгi!” деген бiр сөздерi өз iшiнен неше қайырып айтты. Кейде көз алдына тып-тыныш тұрған апан суға кесек атып толқытқан әрекет елестейдi. М.Әу. * Алаң екi иығын жұлып жеп, аласұрып тұр. Солдаттарға ендi өздерi соқтығып, кел қане, деп айғайлап, жентектеп қар, кесек атқылап тап-тап бередi. Т.Сәу. * Ақкүшік амалсыз безіп берді. Жолай жолыққан бірлі-жарым адамдар да бұған кесек атып жатыр. Н.Дәу.