Posted in

КЕСІП-ПІШІП ҚОЙДЫ (КЕСІП-ПІШТІ)

Бәрін ойластырып, шешім қабылдап қойды. * Өзімнің өмір жоспарым бар екенін дер кезінде оларға білдіре алмадым. Кеш қалдым… Серт байлапты, бәрін де менсіз кесіп-пішіп қойыпты. Б.Соқп. * Менің қарсылығымнан ештеме шықпады. Бәрін менсіз шешіп, кесіп-пішіп қойыпты. Б.Қыд. * Дариядан өте қойған жоқ шығар. Сарыатан заузанға қарай бұрыңдар. Бәйімбеттер келіп қалмаса, отыра тұрармыз. Рахметәлі ендігі кесіп-пішіп қойып еді. З.Шүк. * Жақыповтың сөзіне ықылас қойған түрлері жоқ, бұл әңгімеге әбден қанық, шешімдерін кесіп-пішіп қойған сияқты. Т.Ахт.