Posted in

КЕСІП АЙТТЫ

Сөзбұйдаға салмай тоқетерін айтты; үзілді-кесілді айтты, нақты пікірін білдірді. * Сүтпісірім уақытта сынықшы Домбай қария келді. Ұзақ қарап көрді де: – Жұлынына зақым келген. Ертеңге шыдамас, – деп кесіп айтты. С. Досж. * Олар Алшын руының алтын ұшты найзасын жоңғар қанына малмай кейін қайтпаймыз деп кесіп айтты. І.Ес. * Содан кейін не қайрат жасарымызды ақылдасармыз. Хабар өзімнен болар, – деп Сүйінғара кесіп айтты. М.Әбдіх.