Posted in

КЕСІП АЛСА ҚАН ШЫҚПАЙДЫ

Қатыгез, мейірімсіз, иманнан жұрдай. Безбүйрек, бетінің ұяты жоқ. * – Кесіп алсаң қан шықпас, ел билейтін жан шықпас дейтін Қаракесек екенсіңдер ғой. І.Ес. * Сүйменқұлда пір жоқ. Кесіп алсаң қан шықпас нағыз кісәпірдің өзі. Мақан екеуі қосылса, әй, одан әрі келісер. С.См. * Пейілжанның кесіп алса қан шықпайтын, адамды аяуды білмейтін қатыгез мінезін Нұрәлі енді ғана есіне түсірді. І.Ес. * Ант ұрған автолавщик алты қара тонды фермадағы туған-тумаларына таратып беріпті. Кесіп алсаң, қан шықпайтын кәззап еді. Біреуін оқудағы баласына салған. М.Қаб. ~ … ал сәл түйілген жанарынан кесіп алса қаны шықпайтын қатыгездіктің белгісі байқалады. “Ол, сірә, жаратқан жасағанға сенбейтін кәпір елінің ойдан шығарған құдайыр болар”, – деп түйді Агба. А.См.