Posted in

КЕСІР ҚЫЛҒАНДА

Өкінішке орай; қырсыққанда. ~ … портфель ішіне қарнын қампитып тыға берген қоқырсыған көп қағаз арасынан әлдебірдеңе іздеп кетті; кесір қылғанда онысы жуық арада табылмады; әдепкіде “бұл не айтар екен”,– деп сілтідей тына қалған жұрт, кідірген сайын шыдамсызданып қозғалақтай бастады … Ә.Нұрп. ~ Пақырыңыз пысылдап тұрып тәржімелейді-ай келіп. Кесір қылғанда, Иван Иваныч ауруханада. Онсыз орысшаға мынадай хатты әсерлі күйінде аудару, мазмұн-мағынасын өзгертпей жеткізу онша оңайға соқпас. М.Байғ. ~ Өзі де сол анау алдағы ғажап өмірді аңсағандай беті алаулап, алабұртып кеткен еді. Тек әттегене-ай… Кесір қылғанда теңізі құрғыр жуық арада тартыла қояр дейсің бе. Ә.Нұрп.