Posted in

КЕСКЕН ТЕРЕКТЕЙ (ҚҰЛАДЫ)

Опырыла гүрс етіп құлады. * Омар өзі өз болғалы ес-түсінен айрылып, кескен теректей құлаған жоқ еді. Төтеден келген, оңдырмай тиген кесел атандай адамды кірпік қаққанша алып ұрды. О.Бөк. * Батырсынған балуан кескен теректей болып, ат бауырына аударылып түскен. К.Сег. * Атқа мінгенге екі саным қажалып, тақымым тартылып, талтаңдап қалыппын. Келген бетте сырт киімді шештім де, кескен теректей төсекке құлап түстім. Ә.Асқ. * Ахат қаңбақтай көтеріле беріп, көрдің ішіне құлап түсті. Аю өкірген қалпы шалқая мола есігінен сыртқа қарай кескен теректей гүрс етті. Көрге түскен адам есінен ауып қалған. А.Алт.