Posted in

КЕСПЕГЕ ҚАРА (ҚАРАСЫ) ЖОҚ

Тым семіз, қара еті мүлде жоқ. ~ Түсі суық қоңыздай, Жеп семірген доңыздай, Кеспеге қара жоқ шығар Сүйегінде зар-зар. С.Тор. ~ Жұпар. Мына бұрыштағы магазинде қазнаның етін сатып жатыр екен, кеспеге қара жоқ! Ет шабатын жылтыр қара таныс қой, ширетсіз алдым да, саған құтты болсын айтайын деп бұрылып едім. Ие, қуаныш қайырлы бола берсін. Қалт. Мұх. ~ Кешіріңіз, — деді Байжан, — әуелі ауқат даярлатайын. Өткен кеште атып әкелген екі қырғауылым бар, семіздіктен мамырлап қалған екен, кеспеге қарасы жоқ… Жеңгейге жүнін жұлып қой дегем. Соларды қуыра ғой дейін. С.Мұқ. ~ Алау, Жақанбысыз, то есть Жақанбысың? Ие, Жақа, Алдым, алдым, семіз болғанда атамаңыз — кеспеге қара жоқ… жас мал, тоқты ғой… Қазір, қазір. (Трубканы басып.) Бәйбіше! Қалт.Мұх.