Posted in

КЕТ ӘРІ ЕМЕС

Қарсы емес; ықтияры бар. ~ Сыпайы амандықтан кейін Сүлей көздің қырын жібере бастады: кəдімгі əйел бала. Қойтас емес,
əттең секпілдеу. Бұрымдары сексигендеу, бақа тамақтау, əттең дембелшеңдеу болмаса, тым «кет əрі» емес. Ж.Айм. ~
Бекболат кебісін тастап, төрге қарай жүргенде, Көдебай Мамық деп сыбырласады. Көдебай. Сыңайы қалай? Мамық. Кет әрі
емес… (Мамық шығады.) Б.Майл. ~ Бәрі сығалап, складтың төңірегінен шықпайды; сырттай мынау істен шошыған болса да,
Оспанды сақалсыз күйінде бір көруге ешқайсысы кет әрі емес секілді. Т.Әлімқ. ~ «Ой батырым-ай, қанша тайраңдағаныңмен
қазір әперсе де әрі кет емессің-ау. Келіншектің зары өткен екен ғой», – деп түйдім ішімнен. Қ.Ысқ.