Артына бұрылған жоқ, сол қалпы алыстай берді. * Масғұт, момын жанарынан төгілген себепсіз мейіріммен бұның іші-бауырын өртей, әлде қалтырата мұздатып, тағы бір қарады да, беткейді қиялап, өрлеп кете барды. Т.Шап. * Сәлден соң бір қараңғы кеуекке кірді де, жұлқи тартқан қуатты иірімнің ығына ілініп, жұтылып кете барды… С.Нұғ. * Әншінің даусы қоңыр қаздай мамырлап барып, бірте-бірте қалықтап, әсем әнді әдемі даусымен әдіптеп әуелеп кете барды. Н.Дәут. * Алайда, тура келген ажалға ешкім ара тұра алмады. Тәрбие Талаптың көз алдында о дүниеге аттанып кете барды… С.Дос.
