Posted in

КЕТКЕНІ КЕЛІП, КЕМТІГІ ТОЛДЫ

Өмірінде игі өзгерістер орын алды, жыртығы жамалды, тасы өрге домалады. * 1980 жылдардан кейін ес-ақылын жиған қытай зиялылары қатарында қазақтың ұл-қыздарының да кеткені келіп, кемтігі толды. Әдебиет пен мәдениеттің беті бері қарап, қаламгерлердің де күні туды. Ж.Шәк. * Дегенмен, Арыстағы ағайынның кеткені келіп, кемтігі толатын күн алыс емес. Бұл ойға қазық байлауға жұдырықтай жұмылған елдің пейілі, іс басындағы азаматтардың қарекеттері негіз болып отыр. Г.Жал.