Әккі алаяқ, баукеспе ұры туралы. ~ Мені осы отырған жігіттердің біразы біледі, кеткеннің кетпенін алатын, жатқанның жамбасын кесетін, Іле мен Шу арасын шу-шұркан қылатын Жалбық деген баукеспе ұрымын. Б.Қыд. ~ Басмашыларға қарсы соғысқа барған сол екі жігіт те баукеспе ұры еді. Кетіп бара жатқанның кетпенін алатын, жатқанның жамбасын кесетін сол екеуіне алғаш Тарланкөкті жоғалтқанда кездескенмін. Б.Қыд.
