Posted in

КЕУДЕНІ (КЕУДЕСІН) КЕРНЕДІ

Бүкіл бойына сыймайтын ерекше сезім туралы. * Шаңғының табаны қарды ысқыра есiп төмен қарай заулаған сайын қаның дуылдап, асау, есiрiк қуаныш кернейдi кеуденi. Т.Сәук. * Сөз бұл емес, сөз кейін, Бұл сөздерім әншейін Кеуде кернеп дем алыс. Бұл – бұлаңы түлкінің, Бұл – бастапқы бүлкілім, Болғаннан соң жол алыс. М.Жұм. ~ Кеудені кернеп кеткен зор қайғы мен абзал арман ақтарылатын жол таба алмай, көкіректен сызаттап, тепсіне шығып, бірте-бірте өрлеп барады. Т.Ахт. * Шынымды айтсам, ол кезде қыздармен қоса өзім де керемет қуанышты едім. Кеудемді қайдағы бір лапылдаған сабырсыз мақганыш кернеді. Ә.Нұрш. * Несіне өкпелеймін? Иә, өкпелейтін орайым жоқ, бірақ адамның сезімі, оның ішінде әйелдің сезімі ақылға бағынған ба. Үлкен бір реніш, өкпе ме, шер ме, қабаттасып кеудемді кернеп келеді. Т.Ахт. * Имамның бойжеткен қызын қасына ерткен Зейнеп өзгелерден бұрын кірді, себебі – оның кеудесін ауылда кернеген ар-намыс, жолшыбай да, Омбыға келгелі де күшейе түскен-ді. С.Мұқ.