Posted in

КЕУДЕНІ АШТЫ

Еркін тыныстады; бойы сергіді. * Шапағы қызыл күннің таудан асқан, Мәңгілік патшалығын көркемдіктің, Ойласам, гүлдің иісін кеудені ашқан. С.Сей. * Күн жылы. Жер қара. Жол кепкен. Жаз иісі кеудені ашады. С.Сей. * Бүр жара бастаған қара ағаш, көктем иісі кеудені ашып, мазасыз қарқылдаған қарғалар ағаш басын бермейді-ай. Д.Дос. ~ Төңірек түгел жасарып, алғашқы қардың саф иісі — табиғаттың қоңыр салқын жаңа лебі кеудені ашып жіберді. Түнеріп үнсіз келе жатқан солдаттар да сергіп қалды. Т.Ахт.