Posted in

КЕУДЕНІ ЖАРДЫ (АТТЫ)

Көкірегін кернеді. ~ Қою сары қымыз көбігі бұрқырай, быжылдап иісі кеудеңді жарады. Ж.Айм. ~ Қораның іші сасық па, күлімсі ме, əйтеуір сасық иісі кеудені атады. Ж.Айм. ~ Түндігі ашық шаңырақтан төбеге қарап еді, жымыңдап жұлдыздар көрінді. Мынау кеудені жарып бара жатқан даланың дару ауасы сол арадан үсті-үстіне құйылып тұрғандай. К.Қаз.