Рухы жоғары. ~ Аға табиғатынан момын адам еді, алдыңғы, мінезі қатаң атама тартпаған, кейінгі, тентек болмаса да кеудесі биік маған да ұқсамайды. М.Мағ. ~ Алыптың кеудесі биік болуы үшін. Халықтың рухы биік болуы керек. Қ.М.Әли. ~ Қазақ халқының ар-намысы аяққа басылды. Бір кездегі кеудесі биік қазақ өз елінде өгей халге түсті. Қазақ ұлты бүгін тәуелсіздікке қол жеткізсе де, асқынып кеткен дерттен арыла алмай отыр. БАҚ.
Өр көкірек, паң, менмен, өзімшіл. ~ Әйтсе де, менің еркелігім жай ғана жақсы көру емес, әулие тұту, табынуға жақын, ерекше ыстық сезім нәтижесі сияқты. Қазақта ата мен әже тәрбиелеген баланың кеудесі жоғары болып өседі. М.Мағ.
Менмен, өзімшіл. ~ Мырзабек арақ ішсе – дыз етпе, тез қызады. Өзі шынашақтай болғанымен кеудесі зор. Әркімге бір соқтығып, пәле іздеп отырады. Т.Сәу.
