Posted in

КЕУДЕСІ КӨККЕ СЕРПІДІ (КӨКТІ ҚАМТЫДЫ)

Бойын мақтаныш биледі. ~ Байқан күйеудің кеудесі көкке серпіді. Арты ерге қоныс таппай, қоқыраң-қоқыраң етеді. Талтайған тал түсте самсаған сары қолдың ортасынан сүйреп алып шықты деген осы емес пе? Ж.Айм. * “Қайдасыңдар” деген бір сөзі атадан қалған дәулетті төгіп-шашуға жетіп жататын. Керілгенде кеудесі көкті қамтитын. Енді ше? Арафа тауының күнгей бетінде отырған құр қаңқа әншейін… тасқа тырмысқан қара қоңыз іспетті, көрінісі жүректі жылытады. Д.Дос.