Posted in

КЕШКІ ЗАУАЛ ШАҚ

Қараңғы үйірілген сәт. * Селдір бу, жеңіл тұманнан ада, ашық аспанмен аймаласқан қатпар тасты қырқа, адыр үсті көгілдір тартады. Кешкі зауал шақ. Ақырғы сәулесін жартас басында ойнатып, күн де батып барады. І.Ес. ~ Үй ішіне қара көлеңке үйірілген кешкі зауал шақ; бірақ әлі бір үй шам жаққан жоқ; қаладан қашық тұратын ауылға бәрі қат, бәрі зәру, кіріптарлың басына күнде түсе берген қазақ әйелдері керосинге дейін үнемдеп, қас қарайғанша шам жақпай, көбіне қазан астында жанған оттың сәулесін жарық қып жүдеу өмірді онан сайын жұтата түседі. Ә.Нұрп.