Posted in

КЕШУ СҰРАДЫ (ӨТІНДІ)

Қоштасты, бақиласты. * Ер үстінде отырған калпымда шылбырын мойнына, тізгінін жүгенге іле байладым да, кешу сұрап, қоштасып, алға қарай жүре бердім. М.Мағ. * Дүниеден баз кешіп, иенге ұмтылуым — жан сақтау амалы ғана емес, құдаймен көңілде тілдесер, риясыз кешу сұрар оңаша тыныштықты аңсау да болса керек. М.Мағ.

  1. Ғафу өтінді, кешірім сұрады. . Ләббай тақсырлар» деп отырған кейбір «ел иесі» атанып жүрген азаматтардың даярлап қойған тізімдерін өртетіп, ет қызуы үстінде оларға тіземіз де батып кеткендей. Онымызды қате десеңдер, кешу өтіндім. * Бұл да бізге жіберген аз күндік сынағы шығар. Алладан кешу сұрап, мәдат тілейік. Сол қайыр. Т.Сәу.
  • Байқады, әлі сүйілгенін, Талықсып ол тәубаменен, Жалынғалы кешу сұрап, Қалтырайды… тіл байланды. І.Жанс. * Сізбен өткізген өміріме өкінбеймін. Қайран, ол бір тамаша, шуақты күндер еді-ау. Иә, шуақты күндер. Кешу өтінемін, Ақан аға, кінәм болса, кеше көріңіз!.. С.Жүн. * Қайда әлгі екі тентек, ағайынды күрең қабақ қылмай кешу сұрап бір-бірімен жарассын. Т.Сәу.