Posted in

КӘРІ БУРАДАЙ БУЫРҚАНДЫ

Ашуына мініп, қалшылдады, айбаттанды. ~ Айбатына мініп, кәрі бурадай буырқанып жүрген Кетбұға жаудың қос қапталдан бірдей қусыра бастағанын байқап қалды. Д.Рам. ~ «Жүрегіме сепкен уын, Сенің жаңа заманаң. Көнбедің ғой айтқаныма, Ендігі өзің сыбаған». Деді – дағы дірілдеді, Өлекседей өңсіз шал, Қатуланды қарт бурадай, Қалшылдады патшағар. Ж.Саин. ~ Жігіт қызға қарап: — Мына кәрі бурадай шабынып келе жатқан сенің әкең бе? – деді. — Дәл соның өзі, – деді қыз теріс қарап. ҚЕ. “Ағаш ат”.