Қарғысына ұшырады, кесепаты тиді. ~ Ұлжан бәйбіше сұлу ажарын бір шытынатып, пұшпақ ішіктің қалтасынан кілт шығарып, ағаш сарайдың есігін өз қолымен жапты. — Қыдырлы малымның киесі бір ұрмай кетпес деуші едім, көзіне бір келдің білем! — деді, кілтті жауып жатып Ұлжан бәйбіше. Б.Майл. * Бүкіл халық сүйген көсемге күмән келтіріп күпірлік жасағанына жаны күйзеліп құсалы дертке шалдығады, бәлки Күн падишаһтың киесі ұрды ма, емделсе ем қонбай, түнде ұйқы, күндіз күлкіден айрылып әбден жаны қиналған соң ақыры өзін өлтірмек болады. Т.Сәу. * БІЗДЕР тарих-ананы қатты ренжіттік. Өз ұлтымыздың тарихын кісенде ұстадық, киесі ұрады деп білмедік. О.Бөк. ~ Сізді аяғаным сол, қазір аналардан ноқта баудың құны − бес мың доллар әпергелі тұрғам жоқ па? − Керегі жоқ. Қажеті жоқ, оныңның. Сатпа айғырды. Киесі барды сатуға болмайды. Киесі ұрады. Н.Дәу.
