Әлдебір қалың жазбаны, кітапты, тізімді мысқылдай атау. * Екі-үш жылда дәулет орнына келді. Енді інісін мансапқа итермелейді. Шәріпке желік бітті. Ол көрген болыстар дау-дамайға билік айтарда: «Киіз кітап біледі!» деп хатшысына қараушы еді. Т.Әл. * Мәлғаждаров: – Жылқыңыз мәлім. Ал, уақ малыңыз қанша? – деп сұрады. Шәріп: – Есебі болыстың хатшысында. Соппек анау киіз кітабын ашса, мал маңырап қоя береді, – деп ойнақы жауап қайырды. Т.Әл. * Осылай деді ме, иә, нақ солай деді. Есінде қалыпты. Онда да дым ұқпағасын есінде қалған-ау. Тәйірі, қай қалтасынан шығарады дейсің, киіз кітаптан жаттап алғанын сайрап береді де… Білімділер қашаннан ылғи естіп жетілдіріп сөйлейді емес пе. М.Қаб.
- Діни жазба. ~ Әйгілі қазақ ғалымы Шоқан Уалиханов бұл жөнінде былай дейді: «Қазақтарда өзінше бір «апокриф» – немесе ала қойдың терісіне жазылған діни кітап («Киіз кітап») болғанын дәлелдейтін халық аңызы болды. Халық аңыздарына қарағанда, онда ата-бабалар құрметіне істетілетін ислам дінінен бұрынғы ғұрып-әдеттері суреттелген. Аңыз шамандардың (бақсылардың) ежелгі мифология элементтері бар сандарында ішнара бейнеленген». Н.Мыңж.
