Кім уәде бере алады, сенім бар ма д.м. дүдамал ойды білдіреді. * Сондықтан кәзір отырықшы болғаннан қазақ оңалып кетеді деп кім кепіл болып, аузы барып айта алар? Ж.Айм. * Есеней қайтыс болғалы Сибан деген елде едәуір қобалжу бар еді. Бұған дейін Есенейдің атақ-даңқынан ығысып келген өшті-қасты елдер алдақашан ұмытылған кектерін еске алмасына кім кепіл? Ғ.Мүс. * Артында балалары бар. Олар өсіп ер жетпей ме?! «Жақсыдан жаман туар бір аяқ асқа алғысыз, жаманнан жақсы туар адам айтса, нанғысыз» деген., Балаларының үлкен азамат болмасына кім кепіл? Т.Әбд. ~ Үйге кіріп келген ол әрине алдымен мамық диванды көреді. Сосын, «шалымнан айналдым» деп менің бетімді өппесіне кім кепіл?! Әлде «еркек деген осындай болар!» — деп, арқамнан қағып қана қояр ма екен?.. Т.Берд.
