Posted in

КІМ КӨРІНГЕНГЕ

Кез-келгенге, кім болса соған. ~ Мен болсам, жоқ-жітік тұрмыстың қақпайымен қаңғырып қалаға келдім. Кім көрінгенге күшін сатып, әрең күн көріп жүрген бір сорлы қазаққа қолбала болдым. С.Ом. ~ Зерделі, көкірегі ояу жігіт деп айтып жатырмын саған. Кім көрінгенге ақ та тоқ сыр ақтарып әуре болғым келмейді. С.Им. ~ Сен жалғыз болсаң, бұл да жалғыз. Мен де көз жасымды көлдетіп жүріп тілеп алғанмын. Көзімнің тірісінде кім көрінгенге жүндетіп, жайыма отыра алмаймын. А.Сей.