Posted in

КІМГЕ ОПА БЕРЕДІ (БЕРМЕК, КӨРСЕТЕДІ)

Ешкімге қайыры, жақсылығы, шарапаты болмас д.м. ~ Сезім, шабытсыз, тек ақылмен, жөн-жосық, парыз әуенімен ғана ашылып, мына жерде ретті, ретсіз деп есеппен жабылса, ол кімге опа бермек. Жалынсыз көңіл сандығы, кәріліктің жолдасы,— депті сонда екіншісі тұрып. М.Сүн. * Күнде ваннаға жуындырып, түрлі иісмаймен сылап-сыйпаса да қауырсындары бұрынғыша жалтырамайды. Е, кәрілік кімге опа берген. Т.Сәук. * Естуінше, республика басшысы —сол Мирзоянды да ұстап әкеткен деседі. Сонда бұл өкімет кімге опа бермек? Қ.Жұм. * Өзiң ойлашы, ақын- жазушысы, зиялысы дейтiн кісілері осындай зымияндық еткен жұрт кiмге опа көрсетедi? Ж.Шағ.