Posted in

КІММЕН ҚАРАЙСАҢ, СОНЫМЕН АҒАР

Қайтып келген қызды күйеуіне қайтару үшін айтылады. ~ Менің бақытым күйді. Жарық дүниеге көрінер бетім қалған жоқ. Енді қызық, бақыт маған жоқ. Сондықтан кіммен қарайсаң — сонымен ағар деп, енді ит болсаң да, сенімен қалар едім, бірақ дүниедегі ең – ең жек көретін адамым, ең қатты дұспаным сенсің. М.Әу. ~ Бұрын «кіммен қарайсаң, сонымен ағар» деп, отбасы қайтып келген қызға қарсылық білдіріп, қайтарып жіберетін болса, қазір ата-аналар «ішімізге сыйған қызымыз сыртымызға да сыяды, қайтып кел» деп жастардың арасына сына қағып жататыны тағы бар. К.Тышх. ~ «Кіммен қарайсаң, сонымен ағар» деген мақал бар қазақта, – деді ол. – Мен енді не болса да Тұмажанмен боламын. Өйткені сонымен қарайып қалдым. Уыздай ақ күнімде қасыңызда, еркіңізде, құзырыңызда едім. Үндемей жүріп, ішпен ғана сізді тіледім. Енді бәрі бітті, маған өкпелемеңіз, ағай… Ә.Нұрш.