Ол кім еді сонша, жұрттан несі артық д.м. ~ Бұлай рұқсатсыз кіру қазақ ауылында сөкет емес. Қайта, керісінше, үлкен кісілер отырған үйге сырттан дабыстаған ұят. Кісімсінгенің кім, бұл кімнің шікірәсі деген қың сонда естіледі. Б.Қыд. ~ «Ә- әй, менiң кiмге күлгендей, өзгелердi айыптарлық жайым бар? Кiсiлердi күстәналайтындай кiмнiң шiкiрәсiмiн, ә?! Ж.Шағ. ~ Сәуле болса қайтушы еді. Ол тұтақ кімнің шікірәсі еді соншама. Не еті, не беті, не көті жоқ. Сенің қасыңда жіп есе ала ма ол шөпжелкең? С.См. ~ Адамдар қыбырлап, күнделікті тірлігіне кіріседі. Жұлдыз кімнің шікірәсі, тәйірі!.. Н.Қам.
