Туған жерінен алыстап кеткен емес, байланысын жоғалтқан жоқ. ~ Анау үйде, биік төсекте сақылдап күлген аң мінезді мырза-сымақтар бір алуан болса, мыналардың кіндігі өздері шыққан ұясынан үзілмеген. М.Әу. ~ Үні өшсін кесір менен кектілердің, Бақытың – Бостандығың деп білермін. Атажұрт, топырағыңнан айналайын, Кіндігі үзілмеген тектілердің! Н.Айт. ~ Түйешіні Қызылқұмнан кіндігі үзілмеген, табиғатпен біте қайнасып туған «құм адамы» деп ауылдастарының аңыз етіп айтып жүретіні тегін болмады. Д.Дос.
