Posted in

КІНДІГІ (КІНДІГІНЕН) БАЙЛАНДЫ

Етене жақындығын, рухани бірлігін жоғалтпады. ~ Үлкеннен бата алып, кіндігі байланған Жетісу жерінің өнерінің дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген Гүлнұр Нұрасылова халықпен қимай қоштасты, жиналған жұртшылық та көтеріңкі көңілмен тарқасты. М Әнер. ~ Бұрынғы Әулие, Кешегі Жыраулар жалғасы – Сұңқардай шүйліп, Лашындай түйіліп, Тұйғындай толғанған; Тілегі Алашқа, Жүрегі Алтайға айналған, Қаламы ғарышпен сүйісіп, Кіндігі Еліне байланған – Оралхан! Б. Қар. ~ «Айналып келгенде өзінің де осы топыраққа кіндігімен байланғаны ма?» Бұл жаңалыққа сенер-сенбесін білмей сэр Роберт аң-таң күйі аңырып отырып қалды. Т.Сәу. ~ Топырағынан тамыр үзіп қыбыласы қырық құбылған қалалықтар ақыр түбі оршүтке айналды да, мәмбеттер баба дәстүріне кіндігінен байланып сахарада қалып қойған. Т.Сәу.