А) Ұрпақсыз қалды. ~ … шаршамашы, бозжорғам, шалдықпашы… көрер қызығым алда еді… ең болмағанда Дарханымды жалғыз қалдырмай, сәби тауып берейін, кіндігі үзіліп қала ма…» О.Бөк.
Ә) Байланысы үзілді, алыстап кетті. ~ Бұл күнде малшы, аңшы, кезбе шетінен қырқып, тамырынан жұлып, тонап жатқанда о дүниедегі жарықтықтың сүйегі сырқырамас деймісің! Торғайша тозып, қурайша қурап құруға бет алса сөйтеді. Адамның табиғаттан кіндігі үзілмеген. Үзілген күні — заманақыр болды дей беріңіз. Д.Дос. ~ Ауыл — біздің кіндігіміз! Кіндік үзілсе, көзімізге көк шыбын үймелейді. Азаматпын дегендердің көбі ауылдан шыққан. Ендеше, ауылды аман сақтау — парыз. Ш.Мұр. ~ Ақыры Сиғаттың соңы жолғасуы себеп болды да шу қарақұйрық деп тайып отырған, самолет кіндік кескен қаладан көтеріп әкеткенде екінші рет кіндігі үзілгендей болып еді, бірақ Алтайға деген сағынышы аласұрған көңілін Алатауға қайтып қонақтатпады. Қ.Ысқ.
