Posted in

КІНДІГІ БІР

А) Бір туған, жақын туыс, егіздің бірі. ~ Барды бардай, жоқты жоқтай бөліп-жарып әркімнің өз үлесіне, құдай берген ризығына қиянатымыз жоқ кіндігі бір елміз. С.Жүн. ~ Бұл хатты тағы да Нұрыш арқылы жіберіп отырмын. Кіндігі бірге туыс қой. Екеуміздің сырымызды ешкімге жария ете қоймас. Өзі де қу, біледі. Ретін тауып жеткізер. К.Қаз. ~ Қара өлең қазақ болып жаратылған әр бір жанның кіндігі бір егізі сияқты. Ж.Шәк.
Ә) Мүдделес, ымыралас. ~ Әрине, бүгін Оразбайдың қасына оның шашпауын көтеріп отырған әр рудың жуандары бұл есептерін ұмытқан емес. Олар Оразбайдың айғайымен өздерінің кіндігі бір екенін жете біледі. М.Әу.