Posted in

КІНДІГІ КЕСІЛДІ

А) Дүниеге келді, бастау алды. ~ Мен ауылдан ұзап кетіппін. Баяғы «Өлеңсайдың» сазы. Зоя екеуміз ат шалдырған жер. Алғашқы махаббаттың кіндігі кесілген жер. Т.Берд. ~ Дау өршіді. Басалқыға тоқтайтын бірі жоқ. Бірі кіндігі кесілген жерін мақтады. Отаншылдары шыққан елін айта түсті. Асыл сүйек дегдарлығын, елде-күнде жоқ озғындығын дәріптеді. Ө.Кәр.
Ә) Алыстады, азат болды.~ Қыр арқа қырсық аралға мен таң сәріде тастап кеткен қасапхана оқиғасының қалдығына жалғаған кіндігімді түпкілікті кесті. Кіндігі кесілген жас жігіт — жігіттің де кесілетін кіндігі болады екен-ау — кіндігі кесілген мен қол-аяғыма қанат бітіп, алға қарай құлдыраңдап жүгіре жөнелдім. М.Қаб.