Posted in

КІНДІК КЕСКЕН ЖЕР

Туған жері. ~ Жұрт гуілдеп әбден көтерілген. «Германияға, Керманға барып өлгенше, өзіміздің кір жуып, кіндік кескен жерімізде өлгеніміз жақсы», — деседі. С.Сей. ~ Бұл – оның жан сыры! Ол кір жуып, кіндік кескен жерін шексіз сүйеді. Т.Мед. ~ Кіндік кескен жерден жырақтау кеткенді кім жақсы көрсін, бәрі келмесе де, Шәйі мен Табай қасында болса, оған да шүкір демеске лажы қайсы? Б.Нұрж.