Бірге туған жақыны жоқ. ~ Бақтияр кіндіктен жалғыз болғасын қол-аяғы бос, алдына ас қойылып, бұлғақтап өскен жігіт. Ішкені алдында, ішпегені артында. М.Қаб. ~ Әлен — бір кіндіктен жалғыз жігіт. Ағайын арасынан тысқары жастайынан шәрлі жерде өскен ол ер жетіп, әскер қызметіне барып қайтқаннан кейін елге жоламай кетіпті. Н.Ақ.
