Көңіліне кірбің кірді; жүзін мұң басты. ~ Сайрамдағы жиын тұсында жұрт ай бойына уәйім дегенді ұмытады. Өйткені, дәл мынандай шалқар қызықтың ортасында шалқып жүрген пенденің қайтып еңсесі жығылып, қайтып көкірегін кіреуке шалмақшы. Ә.Кек. ~ Қуан маған жаны ашып, мені аяғандай, бадырақ көздерін кіреуке шалып, мені құшақтап, арқамнан қақты. Ш.Мұр. ~ Жадырап тұрған ашық жүзін де бұлт айналған аспандай лезде кіреуке шалды. Н.Сер.
