Біреудің қолына қарап қалДЫ. ~ Саудагердің үйіне қонып жатып, қалың тобымен ошарылып қалып, ел керуені де Есбергенге кіріптар болады. М.Әу. ~ Ақанның тұла бойы тітіркеніп кетті. Тұңғыш рет шын кіріптар болып, құла түзде екеуден-екеу состиып: мылқау далада мылқау баласымен жеке күн кешер… С.Жүн. ~ Содан әкесі: — Түйіншек арқалап кетсем де, байларға кіріптар болмайын! — деп бір түнде көшіп жөнеледі. Ж.Ахм. ~ Басында еркі бар, еркін киер бөркі бар адам не ақымақ, не сатқын болмаса, бас бостандығын қолдан біреуге беріп, еркін киер бөркіне тәуелді болып, ләппай деп қолын қусырып, құлдық ұрып, әлде тізерлеп қолын жайып кіріптар болып отырар ма! Б.Қыд.
