Әбден әлсіреп, әл үстінде жатқан адам туралы. ~ Келсе, Шойынқұлақтың кірпігі зорға қимылдайды, болар болмас қана демін алып жатыр екен. «Е, батыр, қалайсың?» – деп, Ер Төстік мазақтап жақындай бергенде, Шойынқұлақтың қолы Ер Төстіктің жағасына сап ете қалады. БС. “Ер Төстік”. ~ Жасы тоқсаннан асып көпті көрген, көсем болған ел ағасы дана қарт кірпігі зорға қимылдап әл үстінде жатса да төсектен тұрып кетуге зорланды. Ғ.Біл. ~ Мамасы есік қиығынан басын қылтитып: — Ауыл ма?— деді. Шақырайған жарыққа тура қарай алмай, көзі кілбиіп, кірпігі әрең қимылдайды. М.Қаб.
